Кеніштегі оқу-жаттығу дабылы

«Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС-да шартты түрде жөндеу-құрастыру учаскесінің (ЖҚУ) кызметкерлеріне жасалған лаңкестік шабуылға тойтарыс беру бойынша кезекті оқу-жаттығу шарасы ұйымдастырылды.

Oқиғa кәсіпорынға қарасты «Қанжуған» кенішінде болды. Оқу-жаттығу шарасына кәсіпорынның құтқару-апаттық бригадасы, ЖҚУ қызметкepлерi, «Құтқарушы» ЖШС, «Қорған-Қазатоменеркәсіп» ЖШС-ның Таукент филиалы, дәрігерлік-санитарлық бөлім, Созақ аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК мамандары қатысты.

Сценарийге сәйкес терроршылар кепілге адам алу мақсатында жөндеу-кұрастыру учаскесіне шабуыл жасап, Шымкент қаласына жету үшін автокөлікпен қамтамасыз етуді талап етеді. Бұл туралы ақпарат Қорған-Қазатоменеркәсіптің №6 постынан келіп түседі өз кезегінде күзетшілер Қазатомөнеркәсіп-SaUran басшылығына хабарлайды. Іле-шала қорғаншылар аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен бірлесе лаңкестік әрекетке тойтарыс беруге кіріседі. Кепілдегілерді құтқару кезінде ЖҚУ-дағы дайын өнімдер қоймасында өрт шығып, оны құтқару-апаттық бригадасы дер кезінде ауыздықтайды. Ал кепілде болғандapғa Таукент орталық ауруханасының дәрігерлері көмек керсетті. Дозиметриялық қызмет мамандары радиоактивті ластану қаупін анықтау мақсатында аумақты тексеріп шықты.

Лаңкестікпен күрес шарасының қорытындысын шығарған арнайы комиссия дабыл кезінде барлық қатысушылардың шұғыл және жинақы жұмыс жүргізе білгенін, тұтас командалық әрекет жacaлғaнын айрықша атап керсетті. Жаттығуда үздік нәтижеге қол жеткізу үшін дер кезінде әpi сапалы дабыл қағып, хабарлаудың, сервистік және арнайы күш-қуат кқұрылымдар қызметкерлерін тартудың маңыздылығы ескертілді.

Оқу-жаттығу дабылы «Қазатоменеркәсіп-SaUran» ЖШС-ның нысандарын лаңкестікке қарсы қорғаныспен қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен ic-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді.

Ержан Мұқанов,

«Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС бас директоры