«Qorǵan-Security» ЖШС – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ стратегиялық нысандарын физикалық қорғауды жүзеге асыратын күзет құрылымы ретінде келесі лицензияларға ие:
- ҚР ІІМ берген № 23606188 лицензиясы (21.11.2023 ж.) – күзет қызметінің барлық түрлерін, соның ішінде терроризм тұрғысынан осал нысандарды күзетуді жүзеге асыруға арналған (Бастапқы лицензия – 11.04.2006 ж.);
- ҚР ЭМ АЭҚК берген № 23024388 лицензиясы (07.11.2023 ж.) – ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау қызметін жүзеге асыруға арналған (Бастапқы лицензия – 07.06.2022 ж.).