Атом өнеркәсібі –Қазақстан экономикасының бірден- бір стратегиялық маңызды саласының бірі болып саналады. Біздің еліміздің тәуелсіздігі жылдарында атом энергетикасын дамытудағы бүкіл елдерді дерлік энергия куатымен қамтамасыз ететін қуатты өндірістік-технологиялық /қор/база құрылды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ-ның негізгі міндеті- Қазақстан Республикасының әлемдік атом энергетика саласындағы көшбасшы ұстанымын сақтап қалу, қаржылық тұрақтылық пен табыстылыққа қол жеткізу, экономиканың индустриалды-инновациялық дамуына және халықаралық аренадағы стратегиялық маңыздылығын сақтап қалуына жәрдемін тигізу. «Қорған-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ Директорлар Кеңесінің 27.01.2006 жылғы №1 шешімімен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ атом өндіру саласы нысандарын, мүліктерін, жеке және заңды тұлғаларды қорғауды жүзеге асырады. Өткен уақыт ішінде Серіктестік Қазақстан Республикасы атом өндіру нысандарында күзет қызметін ұйымдастыру бойынша оң тәжірибе жинақтаған.
Белгілі болғандай, негізгі басымдылықтармен қатар, кәсіпорындарды дамытуға күзет және қауіпсіздік мәселелері және құпия режимін сақтаудың маңызы зор. Жоғары технологиялық өндірістің, қымбат жабдықтар мен материалдық құндылықтарды, Тапсырыс беруші кәсіпорынның әрбір қызметкерінің өмірі мен денсаулығын сақтау ең күрделі және жауапты мәселе болып табылады.
Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешуде Серіктестік өндірістік нысандарда сапалы күзет қызметтерін көрсету, еңбек тәртібін бекіту сияқты Шарт міндеттемелерін, соның ішінде кадрларды таңдау сапасын жоғарылатуға үлкен мән береді. Осыған орай, «Қорған-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-да Қазақстан Республикасы Заңнамалар талаптарына, ішкі және т.б.құқықтық-нормативтік актілерге сәйкес жүргізілетін кадр саясатына көп көңіл бөлінеді.
Өз жұмысында «Қорған-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС құрылымдық бөлімдері «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ-тың барлық департаменттерімен, әсіресе мемлекеттік құпияны қорғау және қауіпсіздік департаментімен, қаржы қызметтерімен өзара әрекеттеседі. Әр тоқсан сайын Серіктестік басшылығы аудандардағы құқық қорғау және арнайы қызметтер басшыларымен кездесулер өткізіп отырады.
Ұрлық жасау, жымқыруға қарсы, лаңкестік пен экстремизмге қарсы күрес жаңғыртылып, қайта жоспарланып отырады.
Біздің қызметтік-шаруашылық жұмыстарымыз Серіктестіктің «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ тағайындаған Бақылау Кеңесінің қадағалауында болады. Бекітілген жоспар мен кесте бойынша Серіктестік қызметіне аудит жасалады. Жергілікті ішкі істер құрылымдық бөлімдері біздің жұмыстың «Күзет қызметі туралы» 19 қазан 2000жылғы №85- ІІ Заңының, ҚРҮкіметінің 3 тамыз 2000ж. «Қазақстан Республикасында Кейбір қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі №1176 Үкімет Қаулысы талаптарының орындалуын тексеріп отырады..
«Қорған-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ-ның стратегиялық объектілерін қорғайтын күзет құрылымында барлық лицензия түрлері бар:
Күзет қызметінің барлық түрлерімен айналысуға, соның ішінде тасымалдауға болатын ҚР ІІМ-нің шектеусіз мерзімдегі лицензиясы /19.10.2000ж. ҚР «Күзет қызметі туралы» №85-11 Заңына сәйкес/бар.
"Қорған-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-ның Қ.Р.МИиНТ атом энергиясы жөніндегі комитеті берген «Ядролық құрылғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау» атты 12.02.1998 ж.№100 Үкімет Қаулысымен және ҚР «Лицензиялау туралы» Заңы негізінде Мемлекеттік лицензиясы бар.
ҚР ҰҚК-ның құпия ісқағаздарын жүргізуге рұқсаты бар.
/ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ Холдинг кәсіпорындары ҚР.Үкіметінің 04.09.2003ж.№901 және 28.09.2004ж №988-35к. Қаулысына сәйкес стратегиялық нысандарға жатады және оларға ақпаратты қорғауға жоғары талап қойылады/