Хабарландыру тақтасы

«Qorǵan-Security» ЖШС атом саласына қарасты нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Түркістан, Қызылорда және Ақмола облыстарында орналасқан объектілерге күзет қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды.

Біз жауапкершілігі жоғары, сенімді және зейінді, нысандардың құқықтық тәртібі мен физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын қызметкерлерді іздейміз.

Міндеттері:

  • Нысандар мен мүлікті, сонымен қатар оның тасымалдануын күзету;
  • Территорияны патрульдеу және кіріп-шығуды бақылау;
  • Рұқсат ету және ішкі нысандық режимдерді қамтамасыз ету, мәдени-көпшілік іс-шаралар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау;
  • Сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және оған бақылаумен кіруді ұйымдастыру;
  • Бейнебақылау жүргізу және қауіпсіздік жүйелерін бақылау;
  • Төтенше жағдайларға жедел әрекет ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Талаптары:

  • Жасы 23-тен 50 жасқа дейін;
  • Бойы кемінде 173 см;
  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде немесе басқа да әскери құрылымдарда әскери қызметтен өту;
  • Құқық қорғау, арнайы органдарда немесе күзет құрылымдарында жұмыс тәжірибесі болғаны құпталады;
  • Сотталмаған және медициналық қарсы көрсетілімдердің болмауы;
  • Жақсы физикалық форма және төзімділік;
  • Жауапкершілік, мұқияттылық, стресске төзімділік.

Жұмыс шарттары:

  • ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа қабылдау;
  • Тұрақты еңбекақы;
  • Сыйақы мен көтермелеу жүйесі;
  • Жұмыс кестесі: вахталық/ауысымдық;
  • Формамен қамтамасыз ету;
  • Компания есебінен кәсіби өсу және оқыту мүмкіндігі.

Егер сіз біздің командамыздың бір бөлігі болғыңыз келсе және қойылған талаптарға сай болсаңыз, түйіндемеңізді Jsarsenatkorgan.kazatomprom.kz, Gtaspolatovaatkorgan.kazatomprom.kz электронды поштасына жіберіңіз немесе корпоративтік hrekap.kazatomprom.kz ресурсына орналастырыңыз.

«Qorǵan-Security» ЖШС біздің компанияға қызығушылық білдірген барлық үміткерлерге алғысын білдіреді. Біз сіздердің көмектеріңізбен сеніп тапсырылған нысандардың қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз ете алатынымызға сенімдіміз.